"Айыппұл салынды": шымкенттік жүзге жуық есекті не үшін бағып жатқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2024
- 1.4k
Бір үйір есек ұстаған Шымкент тұрғынына айыппұл салынды. Арнайы комиссия шаруа қожалығын тексеріп, 106 есек және 36 бас ұсақ мал ұстағанын анықтаған. Бұл туралы Telegram-дағы eGov.press арнасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тексеріс 13 мамыр күні Шымкентте жүргізілген. Комиссия кұрамында – Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, Шымкент қаласы "Ветеринариялық станция" кәсіпорны және Тұран ауданының учаскелік полиция қызметкерлері болған.
"Сойған есектің етін сату фактісі анықталған жоқ. Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, ол есекті Қытайға ет экспорттау мақсатында өсірген", – делінген Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.
Басқармадағылар есек баққан кәсіпкерге айыппұл салынғанын мәлімдеді.
"Қалалық Полиция департаменті шаруа қожалығының иесіне Шымкент қаласының аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Айта кетсек, мұның алдында «есектерді етін сату үшін бағып отыр» деген видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Автор бейнежазбасында сөзіне дәлел ретінде сойылған малдың аяқ-сирағы жатқан шұңқырды да көрсеткен.
Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024