"Мен оны ұрғаным жоқ": Сарыағашта намаз уақытында қол көтерген жігіттің "ақталған" видеосы тарады
Видео тағы да мешіт айналасында түсірілгенге ұқсайды.
Күні кеше ғана намаз уақытында төбелескендердің бірінің ақталған видеосы тарады. Кадрда ер адам өзінің не үшін ондай әрекетке барғанын айтады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Видео тағы да мешіт айналасында түсірілгенге ұқсайды. Кадрдан бір топ жамағат пен полиция өкілдерін де көруге болады. Олардың арасында сапта тұрған ер адамға қол көтерген кісі де бар. Ол "Желкесінен түрттім да, е баруырым деп айта бергенше мына кісілердің бәр, ол менің жүмыртқамнан ұстап, тартып тұр" дейді. Ал видеоны көргендер болса, екеуінің арасында айтарлықтар ара-қашықтық бар екенін айтып, әлгі кісінің қолының жетуі мүмкін емес екенін жеткізеді.
«Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралып жатыр. Осыған байланысты ҚМДБ жауап бергенді жөн көрді. Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады», - деп түсінік берген Ағабек Қонарбайұлы.
Еске са кетейік, бұған дейін Сарыағашта намаз уақытында төбелескендердің шекіскені жайлы жазған болатынбыз.