Қоғам
Қостанай-Алматы әуе рейсінде жолаушының жүрегі тоқтап қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 702
Өзін нашар сезінген жолаушыға шұғыл көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонған
FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, ұшақ Астанаға шұғыл қонған, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Qazaqstantv Telegram арнасына сілтеме жасап.
Әуекомпаниясының мәліметінше, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.
"Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуекомпаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024