"Судан шықты": Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 мамыр, 2024
- 2.9k
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі – Алтынай Әбішева өлі табылды, деп хабарлады Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Семей қаласында бұған дейін 16 және 18 жастағы екі жасөспірімі жоғалып кеткен болатын. Оларды іздеуге Семей полиция гарнизоны кіріскен. Іздеу нәтижесінде Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.
15 мамырда 18 жастағы қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.
«Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024