“Ішімнен соғып баламнан айырылдым”: күйеуінен таяқ жеп жүрген әйел заңгерден көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 мамыр, 2024
- 733
Атырау облысының тұрғыны күйеуінен 12 жыл бойы қорлық көріп келе жатқанын айтты. Бұл туралы заңгер Ләззат Ракишева өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Келіншек заңгерге жазған хатында күйеуінің таяғына көп жылдан бері шыдап келе жатқанын айтып, көмек сұраған.
«Сәлеметсіз бе! Менің жасым 41-де, Атырау облысынан хабарласып тұрмын. Мен өзімнің заңды жолдасымнан 12 жыл бойы зорлық көрген жанмын. Ол кісінің таныстары мықты болып тұр. Жедел жәрдемде апасы диспетчерлік қызмет атқарады, нағашы ағасы АІІБ бастығы болып қызмет атқарады. Сол себептен мен айғақ-дәлелдерімді жинай алмай отырмын. Сіздердің көмектеріңізге мұқтаж болғасын хабарласып отырмын. Өзім көпбалалы анамын, 4 қызым бар, ұл балаға жүкті кезімде ішімнен соғып баламнан айырылып калғанмын», - деп жазылған хатта.