Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Алагөзова алғаш рет экс-күйеуінен көрген қорлығы жайлы ашып айтты

Баян Алагөзова алғаш рет экс-күйеуінен көрген қорлығы жайлы ашып айтты
Сурет: видеодан скриншот
Баянның бұрынғы күйеуі оның басқан әр қадамын телефон арқылы бақылап отыратын болған

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы бар шындықты жария етті. Бұл туралы ол  "Без мишуры" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, бұрынғы күйеуімен арасындағы оқиғадан кейін халық оны әлі күнге дейін қаралап келеді. Сондықтан бар шындықпен бөлісуді жөн көріпті.

"Бұрынғы Баян емеспін, болмаймын да.  Адамдар менің таңдауымды, сол кезде жасаған әрекетімді құнсыздандырады. Екінші рет тұрмысқа шыққанымды дұрыс деп санамайды. Бақытты өмірді таңдағанымды, сүйікті болғанымды адамдар түсінбейді. Өмірімде болған оқиғалардың бәріне өзім лайықтымын. Құдайдың маған өз жоспары болған. Мұның бәрі жай бола салған нәрсе емес. Мүмкін, мен адамдарды ренжіттім, оларға сатқындық жасадым - осының бәрі өмірімде болған нәрселердің қайтарымы болып отыр. Иа, маған қай жағынан да бұл оқиға қатты ауыр тиді. Бірақ мен одан кейін бұрынғыдан да мықты бола түстім", - дейді продюсер.

Экс-күйеуі отасқаннан кейінгі екінші жылдан бастап қол көтере бастаған. Баян ажырасу үшін сотқа үш мәрте барған, бірақ еш нәтижесіз болыпты.

"Маған қол көтерсе де, мен неге кетіп қалмадым? 21 жыл бойы тиранизмде өмір сүрдім деп айта алмаймын. Қорқынышта өмір сүрдім. Сол үшін кете алмадым. Себебі ол мүмкін емес еді. Қолым байлаулы болыпты, мен оны байқамаппын. Бірге тұрған екінші жылымызда ол маған қол көтерді. Заттарды жинап, баламды алып, одан кетіп қалдым. Үш рет сотқа бардым. Мені бірде бір сот ажырастырмады. Себебі кез келген уақытта сол саланың өкілдерімен келісім жасалды. Жас болдым, тәжірибем де жоқ. "Баян, ол жақсы жігіт, сені сүйеді, ажырасып қайтесің? Сен өз тұрғылықты жеріңдегі сотқа бар" деп жібереді. Оған барсам, олар басқаша сөйлейді. Солай 3 ай сенделдім. Үшіншісінде маған  "әлі түсінбедің бе, біз сені ажырастырмаймыз" деді. Оның тарапынан қорқыту жиі болды. "Менен ешқайда кете алмайсың, сені жердің кез-келген жерінен тауып аламын, одан пайда жоқ" деп айта беретін. Бұл жайлы еш жерде айтпағанмын. Бірақ айтуға тура келіп тұр. Себебі адамдардың менің әрекетімді бұрыс деп санайтыны, бәріне мені кінәлайтыны жаныма батады. Ол кезде мен қазіргідей керемет емеспін, телевизияда жұмыс істедім. Кейін шоу-бизнеске келген соң да 11 жыл бірге тұрдық, кете алмадым. Білесің бе, сол оқиға болған кезде маған ешкім көмектеспеді. Қай жаста, қашан кетсем де бұл солай аяқталатыны сөзсіз еді. "Ешқайда кете алмайсың, кез келген жерден тауып аламын" деп күнде айтқан соң сен де бұл сөзге үйренеді екенсің", - деді Баян Алагузова. 

Бұрынғы күйеуі Баянның әр қадамын бақылап, қай жерде отыр, кіммен кездесті барлығын біліп отырған екен.

"Ол мені шексіз сүйді деп ойладым. Барлық армандарымды, қалауымды орындады. Балалар оны қатты жақсы көрді. Өте жақсы әке. Оның осындай жаман қасиетін санамағанда ол керемет әке, керемет күйеу. Ол мені жіті бақылайтын, геолакация қосып қойды. Қайда жүргенімнен , кіммен кездескенімнен, сол жерде қанша сағат болатыным - бәрін білетін. Яғни мен күн сайын "бүгін менде осы жерде кездесу, мына адаммен, сағат ..-де" деп бәрін айтатынмын. Күніне маған кем дегенде 10 рет соғатын. Үнемі бақылауда ұстайтын, "кіммен жүрсің, қашан шығасың" деп сұрайтын. Үйден қашу, үйде болмас үшін күні-түні жұмыс істейтінмін. "Баян, бұл сенің өмірің, басқалай болуы мүмкін емес, бар да жұмыс жаса" деп ойлап, қабылдадым. Өйткені жұмыс - одан құтқаратын жалғыз жол еді. Бір жақсысы - ол жұмысыма келіп, іздемейтін. Себебі локация арқылы бәрін біліп отыратын", - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар