Жолды су шайып кетуіне байланысты жүк көліктерінің қозғалысы шектетілді.
Атырау облысында Орал-Атырау бағытында жүк көліктеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
18 мамыр күнгі сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолында (492-189 км, Орал қаласынан Атырау облысына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектелетінін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы мәлім етті.
«Қазіргі кезде жүк көліктері Ақтөбе арқылы қатынап жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.