Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Балалар қуанып жүр”: Түрмеде отырған Мейіржан Төребаев үйіне оралды

“Балалар қуанып жүр”: Түрмеде отырған Мейіржан Төребаев үйіне оралды
Сурет: ашық дереккөздерден
Мейіржан Төребаев жақын арада қайтадан Павлодарға кетеді

Түрмеде отырған вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелі оның үйге оралғанын айтты. Ол қысқа мерзімді демалысқа шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ хабарлайды. 

Бұл туралы Дана Есеева Instagram парақшасында жазба жариялап, видео жүктеген.

«Мейіржан заң бойынша қысқа мерзімге демалысқа шықты. Бүгін үйге келді. Балалар қуанып, мәз-мейрам болып жүр. Жақын арада әкеміз тағы да Павлодарға кетеді. Жалғыз ұлын тағатсыз күткен анасының жүрегі тыныштық тапты. Мейлі аз уақытқа болса да",- деп жазды Дана Есеева.

Айта кетейік, Мейіржан Төребаев өткен жылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен 5 жылға сотталған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар