Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2024
- 5.7k
Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келгенін Атырау облысының жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жайық өзені суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.
Жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін жүргізілетіні жоспарланды.
«Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады», - деп мәлім етті облыстық жедел штаб.