Саясат
Ерұлан Жамаубаев Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2024
- 799

ҚР Президентінің кеңесшісі болып Ерұлан Жамаубаев тағайындалды
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша, 2009 жылы Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Іскерлік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2025
Саясат
Экс-мәдениет министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2025