Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауруханаға түсіп қалған Мақпал Исабекова: қызым екеуімізге дұға етіңіздерші

Ауруханаға түсіп қалған Мақпал Исабекова: қызым екеуімізге дұға етіңіздерші
Әнші екінші сәбиіне жүкті. Ол тыңдармандарына қыз бала күтіп отырғанын айтқан.

Жақында ғана жолдасымен бөлек кеткенін хабарлаған Мақпал Исабекова  ауруханаға түсіп қалғанын жазды. Ол қыз баланы дүниеге әкелгелі жүр. Қалың көпшілікке өз жағдайын айтқан әнші, елден өзі мен құрсағындағы қызы үшін дұға сұрады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Өнер иесі бүгінде дәрігерлер қажетті нәрсенің барлығын істеп жатқанын айтты. Сонымен қатар әнші екінші сәбиінің жынысын жария етті.

Ол қыз баланы күтіп жүр екен. "Мен босанбадым. Себебі әлі ерте. Қауіп бар деп ауруханаға жатқызып қойды. Қызым екеуміз үшін дұға етіңіздерші. Менің де, оның да жағдайы жақсы болсын деп тілеңіздерші. Дәрігерлер бұл жағдайда қажетті нәрсенің барлығын жасап жатыр. Бәрі жақсы болады", - деп жазды Исабекова. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар