Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
rare-gallery.com
Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілетіні айтылды.

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттарға байланысты елдің барлық дерлік аймағында найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады, жел соғады.

"Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жібергендері туралы хабарлады.

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі секундына 1700 текше метр, судың деңгейі 543 сантиметр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілетіні айтылды.

"Осыған байланысты ШҚО "Қазсушар" филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген кестеге ауыстырылды. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 текше метрден 800 текше метрге дейін ұлғайтылды. Жағдай министрдің жеке бақылауында. Ертең ведомство басшысы Шығыс Қазақстан облысына барады. Бүгін өңірде вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр", - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар