Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Елді-мекендерді су баса ма?": Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты министрлік пікір білдірді

"Елді-мекендерді су баса ма?": Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты министрлік пікір білдірді
depositphotos.com
Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілетіні айтылды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты жағдайға пікір білдірді. Министр Шығыс Қазақстан облысына барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

"Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жібергендері туралы хабарлады.

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі секундына 1700 текше метр, судың деңгейі 543 сантиметр", - делінген хабарламада.

Ағынды судың келуін ескере отырып, Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілетіні айтылды.

"Осыған байланысты ШҚО "Қазсушар" филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген кестеге ауыстырылды. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 текше метрден 800 текше метрге дейін ұлғайтылды. Жағдай министрдің жеке бақылауында. Ертең ведомство басшысы Шығыс Қазақстан облысына барады. Бүгін өңірде вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр", - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар