Интернет арқылы сексуалды қызмет көрсету: Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2024
- 562
Қазақстанда интернет арқылы сексуалды қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарлануда. Тиісті заң жобасы 22 мамырда Мәжілісте қаралды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Заң жобасында жезөкшелік - жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жыныстық сипаттағы қызметтерді, оның ішінде телекоммуникация желілерін, интернет желісін пайдалану арқылы ақылы қызметтер көрсету түсінігі енгізілген.
Яғни жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды заңсыз тартумен айналысатындарды қамтуға және алдағы уақытта ұйымдастырушыларды Қылмыстық кодекстің 134, 308 және 309-баптары бойынша және ҚР ҚК 450-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықпен жауапқа тартуға мүмкіндік береді.