"Әжей жансақтау бөлімінде": Петропавлда әйеліне ерегескен 94 жастағы азамат үйін жарды
- автор kyn.kz
- 24 мамыр, 2024
- 743
Петропавлда кемпірімен жанжалдасқан 94 жастағы қария өзін өлтірмек болып газ баллонын жарып жіберді. Ақыры егде жастағы ерлі-зайыптылардың үйі өртеніп, шаңырағы ортасына түсті. Көршілерінің айтуынша, зейнеткер бақшасына картопты кімнің отырғызғанын ұмытып қалып шу шығарған көрінеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Ктк жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Ол да 94 жаста. Денесі, аяқ-қолы түгел ұрылған екен. «Ұрсыстыңдар ма?» деп сұрадым. «Жоқ, ұрыс болған жоқ, Гена, таңғы асқа кел деп шақырып едім, ол «кім менің бақшама кім картоп отырғызды» деп сұрады. «Сен өзің ,Аня мен шөберең үшеуің салдыңдар» дедім. Ол мені ұра бастады, қолында балта, газ баллонын сүйрей жөнелді. Қазір жарылады деп қашып кеттік",— дейді көршісі Галина Каменова.
Жанжал қала шетіндегі жер үйде болды. Көршілері екі рет гүрс еткен жарылысты естіген. Осы сәтте баспананың күлі көкке ұшып, өрт тұтанған. Жанұшырып жүгірген қарияның кемпірі көршілерден көмек сұрапты. Әжейді 94 жастағы зейнеткер әбден сабап тастаған екен. Денесінде сау тамтығы жоқ ол қарияның газ баллонын жарғалы жатқанын айтқан.
Көршілері полиция мен өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Олар келгенше, үй түгел жанып кетті. Ал газ баллонын жарған үй иесі басын аман алып шығып, қораға тығылып үлгеріпті. Оны құтқарушылар жедел жәрдемге тапсырған. Зейнеткер сол сәтте есін білгенімен, ауруханаға келген соң жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған екен. «Жағдайы өте ауыр» - дейді дәрігерлер.
"Беті, мойны, жамбасы түгел, иығы, қолының ұшына дейін түгел күйіп қалған.Әзірге болжам жасай алмаймыз. Жағдайы ауыр деп отыр",-дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.