"Аяғымызды сипап, құшақтайды": Түркістан облысында ата-аналар ағай қыздардың ұятты жеріне қол жүгіртті деп шу шығарды
- автор kyn.kz
- 24 мамыр, 2024
- 4.3k
Түркістан облысы Қарасу ауылының ұстаздары мен оқушылары мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағым түсірді. Бұрын сотты болған педагог жоғары сыныпта оқитын қыздарға қол жүгіртіп, ұлдарға жұдырық жұмсайды дейді ата-аналар. Әріптестерін де былапыт сөзбен сыбап алатын мұғалім күні кеше ғана жылы орнынан босатылған директордың күйеуі екен,деп жазды KYN.KZ тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.
ЖӘБІРЛЕНГЕН ОҚУШЫ:
– Алтай ағай бізге физкультура өткенде бізге домогательство істейді бізге. Обнимает, тиіседі аяқтарымыздан, бәрін сипалап тұрады бізді. Біз ата-анаға айтуға қорқамыз. Құшақтайды. Именно 9-10 класс қыздарына тиіседі. Тұрып ап ұстап, менің алдыма кел дейді. Кейбірін бұрышқа тығып қояды. Солармен сөйлесіп тұрады.
Мұғалімінің мұндай әрекетін жуырда ғана естіген оқушының анасы қызын бірден басқа мектепке ауыстырыпты. Полицияға да арыз жазған келіншек жағдайды бұлай қалдырмаймын деп отыр.
"Енді арызданамын. Одан алдын білген жоқ едім мен. Білсем давно арызданып шығатын едім",-дейді жәбірленген оқушының анасы Шахиста Жалмұрзаева.
Қудалататын едім. Қыздарға қол жүгіртеді деген мұғалім ұлдарға да жұдырық жұмсайды дейді ата-аналар. Былтыр кеуде тұсынан соққы алған 9-сынып оқушысы медициналық көмекке жүгінген көрінеді. Оны айғақтайтын анықтама қолда бар екен. Бірақ аталған оқиға жылы жабылды дейді үлкендер. Бұрын сотты болған мұғалімнің үстінен түскен шағымдар аз емес екенін әріптестері де растайды.
Қазірдің өзінде 3 жыл 6 ай соттылығы бар. Сондықтан қаншалықты бұл кісінің жұмыс істеуге болатын, болмайтынын құзырлы органдар шешетін шығар. Өйткені сот солай шығарып берген екен",-дейді М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары Маржан Бердімұратова.
Ұжымның берекесін алған мұғалім мамыр айының басында орнынан босатылған директордың күйеуі дейді педагогтар. Осыны пайдаланған ол мектептің мәселесіне түбегейлі кірісіп, өзге мұғалімдерді сағатынан айырамын деп қорқытуға көшті дейді ұжымдағылар.
"Айқайлап, боқтап, қоқан-лоққы көрсетіп неғылды. Неге сен шағымданасың деп, бас салып боқтап сол жерде мектептің алдында болды",-дейді М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ұлықбек Гүлбаева.
Басы дауға қалған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ақысыз еңбек демалысына шығып кеткен екен. Телефон арқылы жауап берген ол барлығын жоққа шығарды. Бірақ сұқбат беруден бас тартты. Мұғалімнің бұрын істі болғанынан хабардар құзырлылар ол жасаған қылмыс балаларға қатысты болмағандықтан, жұмыс істеу мәселесін жұмыс беруші шешеді дейді. Ал оқушыны ұру дерегі қазір зерделеніп жатқанын алға тарты.
"Мұғалімнің оқушыға қол көтерді деген дерек пайда болды. Ол дерек 2023 жылдың 10-шы апрелінде болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚК 140 бап 2-бөлігімен",-дейді Сайрам ауданының прокуроры Дәулет Тілемісов.