Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мектеп бітіруші түлек бар": Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

"Мектеп бітіруші түлек бар": Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Әлеуметтік желі
Көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам дене жарақатын алды. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.

25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда", - делінген хабарламада.

Оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар