Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бес мыңнан асатын адам уақытша эвакуация пункттерін паналап отыр

Бес мыңнан асатын адам уақытша эвакуация пункттерін паналап отыр
ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқынының жағдайы жайлы мәліметті жария етті.

Бүгінде республика бойынша 61 966 адам өз үйлеріне оралған.Эвакуация пункттерінде 5 316 адам қалған.

– 26 млн м3 астам еріген су сорылды, 8 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Атырау облысы Талдыкөл ауылында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты толық эвакуация басталды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік.  Кейін олар үй құны бойынша мәмілеге келді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар