Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алаяқ, абьюзер": Марқұм Нүкенованы қаралаған блогер Антон Бударов сотталды

"Алаяқ, абьюзер": Марқұм Нүкенованы қаралаған блогер Антон Бударов сотталды
Инстаграм
Салтанат Нүкеноваға қатысты қорлайтын пікір жазған блогер Антон Бударовты сот сөзін жоққа шығаруға міндеттеді.

Бұл туралы  адвокат Дамир Ишмаметов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен қатар, Салтанатты қаралағысы келген көптеген хейтер де пайда болды.Осындай хейтердің бірі – блогер Бударов Антон", - деп жазды адвокат.

Ишмаметовтың айтуынша, қорлайтын жазба Instagram желісінде 2023 жылдың желтоқсанында жарияланған. Блогер Салтанатты жәбірленуші деп есептемейтінін айтып, оны "алаяқ" және "абьюзер" деп те атаған.

"Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ, астрология курсын сатқан. Қарапайым есірткіқұмар отбасы, ол әйел нағыз оңбаған", – деп жазған блогер өз парақшасында.

Жәбірленушілер тарапы сотқа арыз түсірген. 2024 жылғы 20 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Нүкенова Салтанат Амангелдіқызының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін контентті шындыққа жанаспайды деп тану туралы шешім шығарды.

Антон Бударовқа Instagram-дағы budarov_anton аккаунтында өзі айтқан ақпарттың шындыққа жанаспайтынын жария етіп, бұл мәліметті жоққа шығаруды міндеттеді. Сонымен қатар жауапкерден Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің пайдасына 650 мың теңге сот шығындары өндірілді. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар