Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жас жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсірген екі қыз полицияға жеткізілді (ВИДЕО)

Алматыда жас жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсірген екі қыз полицияға жеткізілді (ВИДЕО)
Видеодан скриншот. Коллаж: KYN.KZ
Екі қыздың да мектеп бітіруші түлек екені белгілі болған.

Алматыда жас жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған екі қыз полицияға жеткізілді. Күдіктілердің екеуінің де  жас түлек екені белгілі болған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Видеода екі қыздың жас жігітті кезек-кезек ұрып-соғып, тепкілеп, сол әрекеттерін камераға түсіріп алғаны көрсетілген. Видео қыздардың бірінің TikTok аккаунтында жарияланған.

Журналист Михаил Козачков да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына оқиға жайлы жазған болатын.

«Кадрда тағы бір жігіт байқалады. Ол жәбірленушіні мазақ етуге көмектескен сияқты. Кейбіреулер мұны балалық еркелік деп қабылдайды. Ал мен 293-бабының 2-бөлігі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуды деп білемін. Қарапайым тілмен айтқанда, бұзақылық қылмысы», - дейді Михаил Козачков.

Ал Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталуда», - дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар