
Жер сілкінісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркелген
Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайда болған кезекті жерасты дүмпулерін тіркеді. Бұл туралы Кyn.kz сайты хабарлайды.
Жер сілкінісін ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1" делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Басты жаңалықтар
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025