“Биыл қызыл диплом алушы еді”: Өскеменде студент көпірден секіріп кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 мамыр, 2024
- 908
Өскеменде студент жұмбақ жағдайда көпірден секіріп кеткен. Бұл туралы белгілі журналистке жігіттің анасы хат жазып, көмек сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Автордың жазуынша, із-түзсіз жоғалып кеткен студент жақын күндері оқуын аяқтап, қызыл диплом алғалы жүрген. Әпкесі bizdin_oskemen парақшасында бауырының денесін жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары жеті күн бойы таба алмай жатқанын айтады.
“Осы айдың 15 күні түнде Өскеменде бауырым достарымен кафеге барған. Жанында қыз бала болады. Бауырыма біреулер хабарласады. Ол далаға шығып кетеді. Қыздың айтуы бойынша көпірдің үстінде 10минут жүріп, ағасынан көмек сұрайды. Ағасы барғанша суға секіріп кетеді. Көрген адамдар айтыпты. Бауырым биыл қызыл диплом алушы еді. Аяқ астынан өзін суға лактыратындай кім хабарласты. Бүгін 7 кун. Денесі табылмады. Дұрыс қарап жатқан жоқ. Сол баланың ағасы арыз жазған”, - деп жазған жігіттің әпкесі Әсел Қиясева