"Ит болдық": Асхат Тарғын және 100-ге жуық әнші "композиторға" алданып қалған
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2024
- 1.2k
Қазақ эстрадасының өкілдерін сан соқтырған азаматтың есімі Жақсылық Ыбырай дейді алданған әншілер. Ол басында әншілерге хит болатын туындыларын сатқан. Бірақ қазір өнер адамдарды сол сазгердің өзін таппай жүр екен. Жалпы 100-ге жуық адамды тақырға отырғызған, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
“Қысқасы шоу-бизнесте бір алаяқ жүр. Оның есімі — Жақсылық Ыбырай. Қалай алдандым? Ол маған өзі шықты, сөзін жіберді, әнін жіберді, демо версиясын. Сөйтсем, ол ақын да емес, композитор да емес. Ешқандай да өнер адамы емес. Жай ғана ауадан ақша жасап жүрген адам екен. 10 шақты ән. Сол 10 әнді айналыдырып-айналдырып, бүкіл Қазақстанның әншілеріне сатып жатыр,”- дейді Перизат Алпыс есімді әнші.
Әншілердің айтуынша, оның ауадан ақша жасау тәсілі мынадай: өнер адамдарына өзін «сырлы сазгер», «ақиық ақынмын» деп таныстырып, кейін дайын әндерін жібереді екен. Бағасы арзан болғасын, бірден сатылады. Бірақ түбінде ол туынды өзге адамға тиесілі болып шығады.
“Ертеңінде хабарласты да, «аға, ақша кере болып тұр, балам ауырып жатыр, кеше сіз берген ақшаңызға дәрі алып тастадым, енді процедурасына ақша керек болып тұр еді, қиналып тұрмын, осы 30 мыңмен тоқтайық. 80 мың болады ғой сізге» деді. «Жарайды» деп бердім. Сөйтсем, бұл ән Мұраттың өзінің ән қоржынындағы әні екен. Бұрын орындалған ән екен,” — дейді әнші Асхат Тарғын.
«Алдандық» деген әншілер жалған сазгердің үстінен ұжымдық арыз түсірген. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
“Барлық мән-жайы және құқық бұзушылықтың, қылмыстың орын алу тізбегі міндетті түрде анықталып, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделетін барлық тергеу жүргізіліп жатыр,” — деп жауап берді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Шу шығарған әншілердің есебінше, шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024