Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ешбір зат бақыт сыйламайды": Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

"Ешбір зат бақыт сыйламайды": Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Ерке Есмаханның İnstagram-парақшасынан
Оның пікірірінше әрбір әйел заты бақытқа лайық, ол үшін рухани байлық қажет.

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарып, өзін таныған кезде ғана бақытты сезіну мүмкін екенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Оның пікірінше, әрбір әйел заты бақытқа лайық, ол үшін рухани байлық қажет.

"Құрметті арулар!
Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық! Бұған күмән болмасын!
Бірақ бұл нәрселер бір сәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын  беретін - рухани байлық. Өмірдің "шын кайф" екенін өзіңді өзің тапқан кезде білесің.
Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды.
Менің баға жетпес байлығым. Денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орыным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат тағы басқасы - аз уақыттық ләззат қана.
Сіздерге де, жан мен тән тыныштығын және бақыт пен байлық тілеймін. 
Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар", - деп жазған өнер иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар