Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жезқазғанда 5 жасар бала жолдан өтіп бара жатқан 5 адамды көлікпен қағып кетті (ВИДЕО)

Жезқазғанда 5 жасар бала жолдан өтіп бара жатқан 5 адамды көлікпен қағып кетті (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
Ал Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 5 адам зардап шекті.

Жезқазғанда 5 жасар бала өтіп бара жатқан 5 адамды көлікпен қағып кетті, деп KYN.KZ ақпарат порталы etozhez парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Гранд Палас» ресторанның жанында болған. Көлік тізгініне отырған 5 жасар бала көлікті қол тежегішінен алып тастаған. Салдарынан 5 жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Аталған факті полицияда тіркелді. ЖКО салдарынан көз жұмғандар жоқ. Осыған қарамастан, түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 5 адам зардап шекті. Бәрі тірі. Ішкі ағзалардың түрлі жарақаттары бар үш әйел адам амбулаториялық-емханалық емдеуде, ал төрт қабырғасы сынған ер адам травматология бөліміне жатқызылды.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында бала бар, ол бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар