Саясат
"Қаңтар оқиғасы": тұтқындарды азаптау ісі бойынша Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2024
- 480
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.
Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
2024 жылғы 28 мамырда Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 4-5-6 қаңтар күндері Қазақстанның бірнеше қаласында көптеген тұрғын қаңғыған оқтан қаза тапқан болатын. Кейін оқиғаға қатысты деп көптеген адамнан жауап алынып, қамалды.