Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мұқасанның әйелі пәтер ұтып алды": Тасмағамбетов пен депутаттар барған тойда ең қымбат сыйлықтар ойнатылды (ВИДЕО)

"Мұқасанның әйелі пәтер ұтып алды": Тасмағамбетов пен депутаттар барған тойда ең қымбат сыйлықтар ойнатылды (ВИДЕО)
Коллаж: KYN.KZ
Астанадағы пәтерді әнші Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алған.

Әлеуметтік желіде қымбат тойлардың бірі - бұрыгғы депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойындағы кадрлар тарап жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Той итальян стилінде өткен. Көңілді кешке Қайрат Нұртас, МузАРТ сынды өнер жұлдыздары мен Иманғали Тасмағамбетов, Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов секілді билік өкілдері келген. Сондай-ақ шетелдік "жұлдыздарды" да көруге болады.

Қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы 10 телефон, иіссу, сондай-ақ, басты сыйлық Астанадан пәтер сыйланған. Жеңімпаздар лоторея арқылы белгілі болған. Мәселен,   Астанадағы пәтерді әнші Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар