Қоғам
"Біреуі қайтыс болды": Ақтөбеде атыс боп, сегіз адам жараланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2024
- 317
Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
28 мамыр күні Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
"Түнгі сағат 2-де жас жігітті белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізді. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмай, науқас қайтыс болды. Марқұм 18 жаста еді", - деді облыстық аурухананың дәрігері Жасұлан Орынбаев.
Жарақат алған 8 науқас та 18-22 жас аралығында. Оларды ауруханаға полиция және жедел жәрдем қызметкерлері алып келген. Қылмысқа қатысты 4 күдікті ұсталды. Олар қазір уақытша ұстау изоляторыда. Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.