"Шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым": 8 жасар қыздың анасы күйеуінің қылмысы үстінен түскен
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 мамыр, 2024
- 8.8k
8 жасар қыздың анасы күйеуін өз туған баласын зорлап жатқан жерінен ұстап алған. Бұл туралы заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева хабарлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Хатта әйел оқиғаның қалай болғанын баяндаған.
"Сәлеметсіз бе, Ләззәт ханым! Мен 2010 жылы қазіргі сотталған куйеуіме, тұрмысқа шықтым. Ол адамды күйеуім деп айтудан жиіркенемін, есіме де түсіргім келмейді, бірақ, шарасызбын. 2020 жылы 2 қарашада кешкі сағат 18:30 шамасында үйімізде қылмыстың үстінен түстім, яғни 8 жастағы туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым. Біздің ортақ төрт баламыз бар. Жәбірленуші осы бір тал қызымыз, мен ауру мен саудың күйін кештім. Ертесі зорға жиналып, полиция шақырдым үйге. Ол сол күні үйден қашып кетті, екі күннен кейін полиция іздеп тауып, түрмеге қамалды. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі.
2021 жылы көктемде Аудандық прокуратурадан тергеуші келіп, мені прокуратураға шақырды. Себебі, ол оңбағанның әкесі Қытайда болатын. Сол жақта жатып арыз түсіріпті. Олардың адвокаты сотқа қатысты, сот арыздарын қабылдамады.
2021 жылы маусымда ол 20 жылға сотталды. Олар апелияцияға шағым түсірді, ол да қабылданбады. 2021 жылы қыркүйекте үкімі күшіне енді.
Енді менің қызымды зорлағанның әкесі «немерелерімді көрсет» деп ЧС арқылы талап етті. Мен келісіп, «аталары ғой» деп балаларды жібердім. Ол шал мені балаларыма жамандап, «ол псих баламды өтірік соттатты» деп ауызына келгенін айтқан! Балаларым «ол шалмен кездескіміз келмейді, көргіміз де келмейді» деп жылап отыр! Мен не істеймін? Менің балаларыма неге қысым көрсетеді оның әкесі?? Көмектесіңізші Ләззәт ханым», - деп жазған хат иесі.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024