Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

" Орталықтағы екі зәулім үйдің құны": Баян Алагөзованың образы қанша тұрады? (ВИДЕО)

" Орталықтағы екі зәулім үйдің құны": Баян Алагөзованың образы қанша тұрады? (ВИДЕО)
Баян Алагөзованың İnstagram-парақшасынан
Блогер: "Prada брендінен – 925 мың теңге тұрады".

Актриса, продюсер Баян Алагөзованың бір күндік образын блогер Жансая Махабаева есептеп көрді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

Актрисаның киімдері мен аксесуарларын бір-бірден есептеп, бағасын шығарды.

"Баян Алагөзованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?
Әдеттегідей киімінен бастайық, мына күртесі Prada брендінен – 925 мың теңге тұрады. Көйлегі де осы брендтен – 425 мың теңге. Туфлиі Баян Мақсатқызының ең сүйікті Jimmy Choo брендінен – 800 мың теңге. Сөмкесі Сhanel брендінен – 2 миллион 800 мың теңге. Көзілдірігі Louis Vuitto брендінен – 280 мың теңге. Әшекейлеріне көшейік. Алқалары Van Cleef брендінің Alhambra топтамасынан. Әрине, алтын мен гауһар тастармен апталған, бір мотивімен – 4 миллион 600 мың теңге. Ал 16 мотивімен – 18 миллион 700 теңге тұрады. Білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан – 7 миллион 350 мың теңге.  Сағаты Cartier брендінен - 23 миллион 350 мың теңге. Сақинасы Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, 3 рет оралған жылан пішінінде, толық гауһар тастармен көмкерілген – 9 миллион теңге. Сонымен, барлығы – 68 миллион 230 мың теңге", – дейді блогер. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар