Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сағымбаев Тоқаевқа екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгенін айтты

Сағымбаев Тоқаевқа екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгенін айтты
Ақорданың Баспасөз қызметі
Ермек Сағымбаев жыл басынан бері 340-тан астам терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылғанын жеткізді.

Президентке ведомствоның биыл жыл басынан бері терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының негізгі нәтижелері және алдағы кезеңде қабылданатын шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы уақыт ішінде екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгені туралы айтылды. Оның біреуі шет мемлекетте шетелдік серіктестермен бірлесіп жасалмақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы Ақорданың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген қылмыстық істердің негізінде радикалды діни идеологияның 26 жақтаушысы лаңкестік және экстремистік әрекеттері үшін сотталды. Тағы 22 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҰҚК төрағасының мәліметі бойынша экстремистік көзқарастарына байланысты республикаға 139 шетелдіктің кіруіне жол берілмеген, 280-нен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған. Тыйым салынған діни әдебиеттерді елге заңсыз әкелуге қатысты 190-нан астам әрекетке тосқауыл қойылып, 19 шетелдік жауапқа тартылған. Заңсыз айналымдағы 237 атыс қаруы, 27 жарылғыш құрылғы, 4500-ден астам оқ-дәрі және басқа да террор құралдары тәркіленді.

Ермек Сағымбаев жыл басынан бері 340-тан астам терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылғанын жеткізді.

Терроризмге қарсы күрес шараларын күшейту аясында ІІМ және ҰҚК күштері мемлекеттік және өзге де нысандарға, оның ішінде халық көп жиналатын орындарға 3400-ге жуық тексеру жүргізді.

Мемлекет басшысына Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарындағы өзге де шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар