Артында еңіреп жары қалды: Құлсарыда 23 жастағы құтқарушы қаза болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2024
- 1.9k
Құлсары қаласын су тасқынынан соң қалыпқа келтіру кезінде 23 жастағы құтқарушы қайтыс болды, деп жазады Атырау облысы төтенше жағдай министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
29 мамырда Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы Құлсарыда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет еткен.
– Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай, – деп көңіл айтады департамент.