Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бір адам қайтыс болды": Алматы облысында рейстік автобус апатқа ұшырады

"Бір адам қайтыс болды": Алматы облысында рейстік автобус апатқа ұшырады
@baurzhan__alenov
Аатобус жүргізушісі уақытша қамау изолятырында.

Алматы облысында рейстік автобус жол апатына ұшырап, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтің сөзінше, оқиға 30 мамырда "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында болған.

Алдын ала болжамға сәйкес, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Автобустағы жолаушылардың он бірі түрлі жарақат алды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аатобус жүргізушісі уақытша қамау изолятырында. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар