"Үсік болады": 31 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 мамыр, 2024
- 570
Түнде Қостанай облысының солтүстігі, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 31 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен қиыр солтүстігінде антициклон ашық, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Еліміздің қалған территориясында циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер тұрақсыз ауа райын алып келеді – найзағаймен жаңбыр, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста бұршақ күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігі, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының орталығы, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.