Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарлықтар үш күн демалыста қоқыс астында қалды

Павлодарлықтар үш күн демалыста қоқыс астында қалды
ашық дереккөз
Тұрғындар ақысын алып, қызметін атқармаған мекемені сотқа берді.
Павлодарлықтар қала аулаларындағы қоқыстың уақытылы тазаланбағандығына наразылықтарын әлеуметтік желіліерде білдіруде, pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып, kyn.kz хабарлайды.  width= Әлеуметтік желілерде павлодарлықтар тұрғын үй кешендерінен үш күн бойы қоқыстың шығарылмағаны жайлы жазуда. Павлодар қаласының әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басты маманы Арман Қайрұллинов мән-жайды түсіндірмек болды.  width= «Тұрмыстық қалдықтар күн сайын шығарылуы тиіс. Мұндай іркілістің себебін анықтаудамыз, істі қарастыруға жергілікті полиция бөліміне де хат жолдадық. Құқыққорғаушы органдар жауапты ұйымдарға шешім шығаруы тиіс. Бұл жағдайда, тұрғын үй-коммуналдық бөлімі кінәлілерге айыпбұл салып, жазалай алмайды. Бүгін таңғы алтыдан аула қоқыстарын тазалау жұмыстарына 60 қоқыстасушы көліктер, 70 адам, алты өзіаударғыш, жүкартқыш көліктер шықты», - деді Арман Қайрұллинов. Айта кететіні, сантарлы-эпидемиологиялық нормалар бойынша аула қоқсықтары жазды күндері күнделікті, қыс мезгілінде үш күннен аспай шығарлуы тиіс. Оған қоса, демалыс күндері қала бойынша он төрт арнайы көліктер жұмыс істеуі тиіс. Қоқыстың шығарылуына «Ақ сервис» мердігерліп ұйымы жауап береді.  width= Арман Қайрұллиннің айтуы бойынша, демалыс күндері жауапты ұйымдар белгіленген график бойынша жұмыс атқарды. Алайда, бұл тазалық операциялары жеткіліксіз болып шықты, қала тұрғындары аулада үйілген қоқыстар жөнініде шағымдар түсіре бастады. Қандай уақыт мерзімінде қала қоқыстардан толық тазартылатынына спикер жауап бере алмады. Қала тазарту жұмыстарына күнделікті барлығы 77 техника жұмылдырылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар