Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас прокуратурада аяқасты ауырып жұмысқа шықпай қалатын қызметкерлер көбейген

Бас прокуратурада аяқасты ауырып жұмысқа шықпай қалатын қызметкерлер көбейген
ашық дереккөз
Әлгі 5 мың сотталушы соның арқасында бостандық таңын атырайын деп отыр.
Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, соттардың қателігінен жапа шеккендер де жетіп артылады екен. Сондықтан, прокурорларға заңсыз үкімге тап болған адамдардың тағдырына араласып, жүздеген сот үкімін өзгертуге ықпал етіпті,- деп жазды КТК арнасы. Еліміздегі басты қадағалаушы орган бүгінде заң талаптарын әлдеқайда жеңілдетуге күш салып жатыр екен. Соның бір шапағаты сотталғандарға да тиіп отыр. Яғни, Бас прокуратура ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тарту мерзімін 5 жылға қысқартқан. Әлгі 5 мың сотталушы соның арқасында бостандық таңын атырайын деп отыр. Олар негізінен, ұрлық-қарлық, жемқорлық пен пен алаяқтық бойынша жаза арқалағандар. Сонымен бірге, жұмысына салғырт қарап орасан шығын келтіргендер де сол бес мыңның ішіне кіреді. Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуына қарасақ, біздегі судьялардың жүрегі қарайып кеткендей. Алдына келген қылмыскер атаулыға жазаны үйе беріпті. Бұған бейғам қарай алмаған прокурорлар амалсыз іске араласып, екі жүзден астам адамның жазасын жеңілдетіп берген. Ал 12 адам толығымен ақталып шығыпты. Оның үшеуі жазықсыздан жазықсыз 7 жылға дейін абақтыда отырған. "260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендеп, бас бостандығынан айыру мерзімі азаяды.",-дейді  ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров. Қызықтың көкесі осы Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау саласының үздік мамандарын даярлайтын академияда болып жатыр екен. Заң өкілдерін даярлап шығаратын жердің өзінде тәртіп деген жоқтың қасы. Айталық, әрбір екінші адам денсаулық жағдайына байланысты демалыс ала беріпті. Бұл академия жұмысында қалыпты жағдайға айналып кеткен. Тіпті, бір жылда 10 рет ауырып қалғандар бар екен. "Іссапарға шығу тәртібін қарадық. Байқағанымыз, іссапарларға ылғи белгілі бір қызметкерлер ғана шығып отырған. Тіпті, академияда үш жылдан бері жұмыс істейтін бір қызметкер іссапарларда жүре бергендіктен академияға кірер есіктің қайда орналасқанын білмейді.",-дейді  Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мырзаденов Прокурорлардың заңды мейлінше жұмсартуының нәтижесінде ұсталып не қамауға алынып, басы шатылып жатқандардың үштен бірі қысқарып қалыпты. Ал тергеу изоляторында жауапқа тартылып жатқандар да 3 есеге дейін азайған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар