«Кісі қызығарлықтай»: Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніне достары көлік сыйлады
- автор Анар
- 31 мамыр, 2024
- 999
Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніне достары көлік сыйлады. Бұл туралы әншінің әпкесі Роза Әлқожа өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аң аулауға шыққанда мінетін бұл көлікті сатып алу үшін достары үш күннің ішінде ақша жинап үлгерген.
"Туған күніңмен, жаным! Сен бар адамға қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың туған күнінде. Саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып аяқ астынан туған күнге шақырды. Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын! Жасың құтты жас болсын! Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін! Сіздер де тілек арнап қойыңыздар. Көлік те, адам да тозады, қартаймайтын көңіл ғана!», - деп жазды Роза Әлқожа.
Желі қолданушылары ақ тілектерін айтып, әншінің достарының жомарттығына таңқалды.