Мәдениет
«Армандар орындалады»: Асқазанына екі рет ота жасатқан Айшолпан Тілеутай тағы да салмақ тастағанын айтты
- автор Анар
- 31 мамыр, 2024
- 1.9k
Ақын қыздың бұрынғы салмағы 135 келі болған
Белгілі айтыскер, ақын Айшолпан Тілеутай тағы да 60 келі салмақ тастаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Айтуынша, бұрын салмағы 135 келі болған. Енді 60 келі салмаққа жетуге аз қалыпты.
"Армандар белгілі бір сәтте ғана орындалады. Ол сәт "әр нәрсенің өз уақыты бар" деп аталады", - деп жазған ақын.
Айта кетейік, бұған дейін асқазанына ота жасалған Айшолпан Тілеутай 40 келі салмақ тастаған болатын. Мұндай операцияны Түркия елінде жасатып келген.