«Шай дайындап жатқанда қылқындырған»: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
- автор Анар
- 31 мамыр, 2024
- 733
Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылқындырып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында бөлісті. Айыпталушы сотта бұрынғы әйелін жанжал кезінде оны ашумен қылқындырып қойғанын айтқан.
«Бірақ бұл жерде әдейі жоспарланған әрекеттері айтқанымен қисынға келмейді. Оны сол уақытта такси күтіп тұрған. Тұншықтыру кезінде ауыз және мұрынды жапқан. Медициналық білімі бар қылмыскер өлтіру үшін қалай тұншықтыруды білген», - деп жазады Дина Таңсәрі.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Адам өлтіру» бабымен тергелген іске үкім шықты. Айыпталушы Х. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды.
Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспейтінін жеткізіп, сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз түсіретінін айтты.
Айта кетсек, марқұм 26 жаста болған Айбанудың артында 6,5,3 жасар балалары қалды. Қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында болған.