Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Іш киіммен атып шыққан": Қарақат Әбілдина дабыл қақты (ВИДЕО)

"Іш киіммен атып шыққан": Қарақат Әбілдина дабыл қақты (ВИДЕО)
Өнер иесі жақында ғана бір пост салып, оны әлеуметтік желі әкімшілігі өшіріп тастапты.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желілердегі парақшасында Instagram-ның кемшіл тұстарын айтып, дабыл қақты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

 Өнер иесі жақында ғана бір пост салып, оны әлеуметтік желі әкімшілігі өшіріп тастапты. 

«Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай іш киімде атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық-шашық бейнеге тыйым салғаны ғой инстаграмның. Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та, көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тиктогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ. Әр жазбаңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жәй қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?! Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?!», – деп жазды әнші.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар