"Тәлтіректеп зорға отыр": Талдықорғанда науқас балаларды алкогольді ішімдікке "тойып алған" дәрігер қабылдаған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 мамыр, 2024
- 2.8k
Талдықорғанда балаларды алкогольді ішімдікке "тойып алған" дәрігер қабылдаған. Видео Instagram @krisp.tdk парақшасында жарияланған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Кадрда ақ халат киген ер адамның тәлтіректеп зорға отырғанын көруге болады.
"Кеше түнгі 22.00-22.30 шамасында хирург алкогольді ішімдік ішкен дәрігер қабылдады. Мен басқа хирургті шақырыңыз деп талап етпегенше, басқа қызметкерлер мен ата-аналар сол дәрігердің аузына қарап тұра берді», - деп жазды тұрғын.
Көп ұзамай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«2024 жылы 30 мамырда кешкі уақытта қызметкердің мас екені анықталды. Ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан шығарылды», - делінген аурухананың түсініктемесінде.