Тілсіз жауды ауыздықтауға 58 адам, 13 техника жұмылдырылған.
Атырау қаласы Уәлиханов көшесіндегі мейрамханалардың бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы Атаурау қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 мамырда сағат 21:15-те болған. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде қос қабатты көпфункционалды кешеннің ашық отпен жанып жатқаны анықталды. Салдарынан 25 шаршы метр шатырң опырылып түскен. Өртенген аумақ 280 шаршы метрді құрайды. Ал, ғимараттың жалпы ауданы – 2750 шаршы метр.
Қызыл жалын сағат 22:30-да оқшауланып, 22:40-та сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 58 адам, 13 техника жұмылдырылған.