Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Өте ұят нәрсе”: Алматыда балалар күнінде тегін балмұздаққа таласқан жұрт көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)

“Өте ұят нәрсе”: Алматыда балалар күнінде тегін балмұздаққа таласқан жұрт көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Желі қолданушылары тегін балмұздаққа таласқан балалар мен кейбір ата-аналардың қылығын көріп ашуланды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ұйымдастырушылар тегін балмұздақ таратып, көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны әлеуметтік желі қолданушысы өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан тегін балмұздаққа жапатармағай таласқан балаларды ғана емес, ересек адамдарды да байқауға болады. Алматыдағы демалыс орындардың бірінде болған. 

Қолдарына бір емес, бірнеше балмұздақты уыстап алып жатқандар жұрттың ашуын туғызды. Желі қолданушылары бұған қатысты “Тіпті Африкадада балалар су ішу үшін кезекте тұрады”, “біздегі менталитет” деген секілді сыни пікірлер қалдырған.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар