Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісуда күкірт қышқылы ағып кетті: оқиға орнында жұмыстар жүргізілуде

Жетісуда күкірт қышқылы ағып кетті: оқиға орнында жұмыстар жүргізілуде
Сурет: ТЖМ
Күкірт қышқылы ауылдық жерге төгілген. Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне қайта оралды.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол станциясында апаттық клапаннан күкірт қышқылы ағып кеткен. ТЖМ Жетісу аймағындағы оқиға орнында газсыздандыру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Күкірт қышқылы ауылдық жерге төгілген. Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйлеріне оралды. 

ТЖМ ақпаратына сай, СЭБД (санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шектерде екенін анықтады. Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізуде. 

Сонымен бірге, вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілген. 

Айта кетсек, Жетісу өңірінде вагон цистернасынан апаттық клапаннан күкірт қышқылының ағуы анықталған болатын. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар