Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүгінгі ауа-райы болжамы: найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгінгі ауа-райы болжамы: найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Сурет: tsn.ua
Ел аумағы бойынша жел күшейіп, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Синоптиктер 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ болады. 

Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Түркістанның тау бөктеріндегі аудандарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысы мен батысында, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар