Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада мектеп мұғалімі өз әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылордада мектеп мұғалімі өз әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Екі мұғалім де 31 мамырда еңбек демалысына кеткен

Қызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өз әріптесі өлтірді деп айыпталуда. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді. Екі мұғалім де еңбек демалысында болған. 

"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деп толықтырды ведомстводан.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар