“Еркексің ба бер”: Дінтанушы намаз оқымағандар имамға үй әперулері керек екенін айтты (ВИДЕО)
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 540
ҚМБД пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы егер ата-анаң намаз оқымаған болса, оның құнын төлеуің керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Бұл шариғатта бар. Мысалы, қартайған апамыз немесе атамыз ораза ұстай алмайды. Оған фидия беруге болады. Фидия деген бір күндік тамақ.
Ресторан, кафе емес, «кәдімгі асханалардан» бір күндік тамағын бересің. Енді осы нәрсеге қияс қылып алған нәрсе — намаз. Мысалы, бір адам он күн намазын оқи алмай қалды. Ғалымдар айтады, сол оқылмай қалған әр намазына бір фидиядан бер деп айтады”,- дейді дінтанушы.
Айтуынша, бұл шариғатта бар нәрсе. Сондықтан әр адам әке-шешесінің оқи алмаған намазы үшін, имамға үйін алып беруі керек екен.
"Бұл шариғатта бар нәрсе. Қазір «фидияны мынаған бер» десек, жаны шығып жатқандар бар. Кейбіреуі фидияның орнын пітір садақамен жапсақ дейді. Ал пітір садақа 200 теңгеден. Ал әкесі 50 жыл намаз оқымады, 50 жылда қанша күн бар? Сол 365 күнді санап 5-ке көбейт. 91 250 намаз үшін әр намазға 200 теңгеден фидия берсін. Мына әкем 50 жыл намаз оқымады деп бір ұстазға үй әперсін. Еркексің ба бер», - дейді.
@sabyrsyz_pende ♬ оригинальный звук - 𝐀ᵇᵘ 𝐃ᵘⁿⁱʸᵃ ♡︎
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024