Тоқаев: Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 1.2k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдері парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту.
"Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз", – деді Мемлекет басшысы.
Президент бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек екеніне назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажет екенін ескере отырып, ҰҚШҰ күш-жігерін ұйым жарғысына сәйкес мүше-мемлекеттер үшін барынша өзекті әрі тиісті жұмыс бағыттарына жұмылдыруды ұсынды. Қазақстан аталған міндеттерді Ұйымға төрағалық ету кезеңінде басым бағыт ретінде белгіледі.
Атап айтқанда, Президент терррорлық қауіп-қатермен күресу және ҰҚШҰ-ға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет деп санайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026
Семейде 9-сынып оқушысы сыныптасын 15 жерінен пышақтап тастаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




