Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шаштан тартып, тепкілеу»: 26 жастағы келіншек тиран енесінен құтылу үшін уксус ішіп өлмекші болды

«Шаштан тартып, тепкілеу»: 26 жастағы келіншек тиран енесінен құтылу үшін уксус ішіп өлмекші болды
Сурет: Видеодан скриншот
Енесі ұлы жуас болғандықтан, келінін өзі ұрып-соғу арқылы мықтап ұстауды жөн көрген екен.

Тиран енесінен таяқ жеп, өмірден баз кешкен келіншек уксус ішіп өлмекші болған. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жариялады.

Айтуынша, 26 жастағы келіншекті енесі бірнеше жылдан бері соққының астына алып келеді. Шыдамы таусылған келін уксус ішіп өлмекші болған. Қазір ол ауруханада жатыр.

«20 жасында күйеуге тиді, содан бері екінші күйеуі - енесі. Отырса опақ, тұрса сопақ. Кемсіту, мұқату, қорлау - күнделікті қайырлы таңмен тең. Шаштан тартып, сүйреп, денесінен тепкілеу, қол-аяғын шағып, көзіне удар жіберу ененің күнделікті сүйікті ісі. Неге десеңіз, өз ұлы жуас болғандықтан келінді біреу мықтап ұстап тұру керек. Не деген бас, не деген логика, - деп жазады журналист.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар