"Ұрлады": Тоқтар Серіковті әріптесі сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2024
- 17.0k
Әнші әрі сазгер Тоқтар Серіковті әріптесі Арайлым Мамырбек сотқа беретінін айтып, Assyltas TV Youtube-арнасына сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі өз туындысын Тоқтар Серіков "рұқсатсыз алды әрі өз атынан шығарды" деп кіналап отыр.
Айтуынша, 2021 жылы шығарған әнін Серіков ән кешінде шырқап, атын да "Ауылым" деп өзгертіп қойыпты. Бұл туралы әншінің өзіне хабарласқанында дереу бұғаттап тастаған екен. "Енді кезек - сотта" дейді сазгер.
"Сәуір айында Тоқтар Серіков ләм-мим деместен менің әнімді "Ауылым" деген атпен бүкіл платформаларға тарқатып тастады. Осы жағдайдан кейін менің жүйкем сыр берді. Ішімнен шыққан әнімді айдың-күннің аманында иемденіп кете салғаны жаныма батты, денсаулығым нашарлап кетті. Елдің бәрі "Сен Тоқтардың әнін ұрлап айтып жүрсің" деп жазатын болды. Осыдан кейін сотқа шағымданып, әнімді өзіме қайтарып алғым келеді. Дәлелдеуге шамам жетеді, материалдық және моральдық шығын талап етемін", - деді Арайлым Мамырбек.